Доллар бағасы қымбаттады

Бүгін, 17:34 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,16 теңгені құрады. АҚШ валютасы 0,17 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 18 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 443,96 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 444,15 теңге, сату бағамы 445,94 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 440,95 теңгеден сатып алынып, 447,95 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 443,74 теңге, сату бағамы 446,59 теңге.

Еске салайық, 2 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге, 5 қарашада 0,85 теңгеге, 6 қарашада 4,02 теңгеге төмендеген болатын.

Ал 9 қарашада 1,76 теңгеге өсті. 10 қарашада 1,3 теңгеге, 11 қарашада 2,46 теңгеге, 12 қарашада 1,2 теңгеге төмендеді. 13 қарашада 0,7 теңгеге, 16 қарашада 0,11 теңгеге өскен еді. 17 қарашада доллар бағамы қайтадан 0,55 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам