Алматы облысында бұған дейін мектеп ғимаратындағы баспалдақ темірінен құлап кеткен 11 жастағы оқушы көз жұмды. Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты облыстық Білім басқармасы растады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 16 қарашада сағат 13:18-де үзіліс кезінде болған. Ведомствоның мәліметінше, бала үшінші қабаттағы баспалдақтың темірімен сырғанап бара жатып, тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабаттың деңгейіне құлаған. Салдарынан ауыр бас-ми жарақатын алған. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен баланы аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген.
«Екі тәулік бойы дәрігерлер 11 жастағы баланың өмірі үшін күресті. Медициналық көмек көрсетуге республикалық, қалалық және облыстық жетекші балалар нейрохирургтері тартылды. 17 қарашада өмірлік көрсеткіштер бойынша шұғыл ота жасалды. Алайда медицина мамандарының күш-жігері мен жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 18 қарашада сағат 10:00-де бала қайтыс болды», – деп хабарлады Алматы облысының Білім басқармасы.