Қарағандыда сауда үйінен ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 15:31 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қарашада болған. Сауда үйінің қызметкерлерінің айтуынша, ер адамның денесі ғимараттың екінші қабатынан шамамен сағат 18:00-де табылған. Алдымен техникалық қызметкерлер ана мен бала бөлмесіне кіре алмаған. Осыдан кейін олар күзет қызметкерлерінен көмек сұраған.

Оқиға орнына келген күзетшілер ер адамның өмір белгілерінсіз жатқанын анықтаған.

Сауда үйінің қызметкерлері қайғылы оқиғаға дейін бірнеше күн бойы ер адамды ғимараттан көргендерін де айтқан. Олардың сөзінше, күзет қызметкерлері одан сауда үйінен бірнеше рет шығуын сұраған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті қорытынды жасалады.

Тэгтер:

Қарағанды сауда үйі