Құрылтай «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заңның негізгі мақсаты цифрлық экономиканың орнықты және инклюзивті дамуын қамтамасыз етуге, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және шағын және орта бизнестің цифрлық платформалар мен сервистерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Келісім 2024 жылғы 6 қарашада Бішкекте жасалған.
Келісім электрондық сауда, цифрлық құжат айналымы, электрондық төлемдер, логистика, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, дербес деректер, FinTech, киберқауіпсіздік және бәсекелестік саясат, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін қамтиды.
Заңды қабылдау қазақстандық тауарларды Түркияның, Әзербайжанның, Өзбекстанның және Қырғызстанның цифрлық нарықтарына ілгерілетуге, сауда рәсімдерін оңайлатуға және трансшекаралық электрондық сауда үшін кедергілерді азайтуға ықпал етеді деп күтілуде.
Сонымен қатар келісімді іске асыру цифрлық сервистерді дамытуға, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға және Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі өңірлік цифрлық ынтымақтастықты нығайтуға қосымша мүмкіндіктер береді.