«Сен жоқ өмірге үйрене алмай жүрмін»: Асанәлі Әшімовтің қызы әкесі туралы (ФОТО)

Бүгін, 10:58 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесінің жылдық асы өткенін айтып, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол әкесінің өмірден өткеніне бір жыл толса да, сағынышы басылмағанын жеткізді.

«Әкемнің бір жылдық асы болды. Бірақ уақыттың өтуі сағынышты азайтпады. Бәрі әлі де түс сияқты. Әлі де сен жоқ өмірге үйрене алмай жүрмін…

Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз. 21.12.2025», – деп жазды Сағина Әшімова.

Сондай-ақ ол балалық шағында әкесімен бірге түскен суреттерін жариялады.