Алтын мен күміс күрт арзандады - неліктен?

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Әлемдік нарықта алтын мен күміс күрт арзандады. 16 қарашада екі бағалы металдың құны бір жылдан астам уақыт ішіндегі ең төменгі деңгейге түсті. Сарапшылар бұған АҚШ долларының күшеюі, мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі және АҚШ-та пайыздық мөлшерлеменің тағы көтерілуі мүмкін екені әсер еткенін айтады. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дүйсенбі күні алтынның бір трой унциясы (31,1 грамм) 3832 долларға дейін арзандаған. Бұл – 2025 жылғы қазаннан бергі ең төменгі көрсеткіш. Ал күмістің бір унциясы 46,5 долларға дейін түскен.

17 қарашада бағалар сәл қалпына келді. Алтын шамамен 0,75%-ға қымбаттап, 3861 долларға, ал күміс 2%-дан астам өсіп, 47,5 долларға жетті.

Бір қызығы, биыл қаңтарда алтын бағасы тарихи рекорд орнатып, бір унциясы шамамен 5600 долларға жеткен еді. Ал күмістің бағасы 121,65 долларға дейін көтерілген.

Содан бері алтын 30%-дан астам, ал күміс шамамен 60% арзандаған. Жыл басынан есептегенде алтынның құны 10%-дан, күмістікі 34%-дан астам төмендеді. Егер қазіргі үрдіс сақталса, алтын 2015 жылдан бергі ең үлкен жылдық құлдырауын тіркеуі мүмкін.

Басты себептің бірі – АҚШ-та пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы.

Алтынның облигация немесе банк депозитінен айырмашылығы – ол пайыздық табыс әкелмейді. Сондықтан инвесторлар жоғары кіріс ұсынатын қаржы құралдарына көбірек қызығушылық таныта бастайды.

Қазір АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі шамамен 5%-ға жеткен. Ал Федералдық резерв жүйесі желтоқсанда базалық мөлшерлемені тағы көтеруі мүмкін деген болжам күшейіп отыр.

Бұған доллардың нығаюы да әсер етті. 17 қарашада АҚШ валютасы 2025 жылғы сәуірден бергі ең жоғары деңгейіне көтерілген. Доллар күшейген сайын басқа валюталарды пайдаланатын сатып алушылар үшін алтын мен күміс қымбаттайды. Бұл да сұранысты төмендетуі мүмкін.

Әдетте геосаяси шиеленіс кезінде инвесторлар алтынды қауіпсіз актив ретінде сатып алады. Алайда бұл жолы И

Тэгтер:

алтын күміс