Павлодар облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бас маманы Қадырбек Ербол джиу-джитсудан өткен Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship 2026 беделді халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Чемпионат 9-19 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп, оған әлемнің 130 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысты. Олардың 5 мыңнан астамы шетелден келген атлеттер.
Қадырбек Ербол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, көк белбеу иегерлері арасындағы Master 4 санатында өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша құрметті үшінші орынға ие болды.
Осындай жоғары деңгейдегі чемпионатқа қатысып, жүлделі орынға қол жеткізу – табанды жаттығулардың, қайсар мінездің және жаңа жетістіктерге деген ұмтылыстың нәтижесі.