Қызылорда облысында біреудің терезесін сындырған тұрғын қамауға алынды

Бүгін, 17:36 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылорда облысының Арал аудандық сотында азамат Е-ге қатысты «Бөтен мүлікті қасақана жою» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Анықталғандай, Е. жәбірленуші А.-ның тұрғын үйінің терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру әрекетін жасаған.

 Е.-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің түсінігімен және іс құжаттарымен бекітілген.

 Сот отырысында жәбірленуші орын алған оқиғаны растаған.

 Сот қаулысымен Е. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып,  оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

 

Тэгтер:

Сот Қызылорда облысы Терезе үкім Арал ауданы