Биржада доллар бағасы 444 теңгеден төмен түсті

Бүгін, 16:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 443,96 теңгені құрады. Ұлттық валютаға шаққандағы АҚШ долларының бағамы 0,55 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 17 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 444,4 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 444,22 теңге, сату бағамы 445,89 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 441 теңгеден сатып алынып, 448 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 444 теңге, сату бағамы 445,28 теңге.

Еске салайық, 2 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге, 5 қарашада 0,85 теңгеге, 6 қарашада 4,02 теңгеге төмендеген болатын.

Ал 9 қарашада 1,76 теңгеге өскен. 10 қарашада 1,3 теңгеге, 11 қарашада 2,46 теңгеге, 12 қарашада 1,2 теңгеге төмендеді. 13 қарашада 0,7 теңгеге, ал 16 қарашада 0,11 теңгеге өскен еді.

Тэгтер:

Валюта теңге биржа нарық қор