Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Ақтау тұрғыны қамауға алынды

Бүгін, 16:10 / Алуа Арман
polisia.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, биыл 19 қыркүйекте Ақтау қаласының 51 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық дерегімен әкімшілік іс қозғады. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде де әрбір азамат заң талаптарын сақтауға міндетті екенін еске салады. Тікелей эфир кезінде де балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция азаматтарды күнделікті өмірде де, интернет кеңістігінде де әдеп нормаларын сақтап, өзгелерге құрметпен қарауға шақырады.

Тэгтер:

Әлеуметтік желі балағат эфир