«Елімай» клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

Бүгін, 15:40 / Інжу Әлихан

Семейдің "Елімай" клубы 43 жастағы Питер Левеннің команданың бас бапкері болып тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sportarena.kz жазуынша, Питер Левен бұған дейін "Абердиннің" бапкерлер штабында жұмыс істеп, 2025 жылы командамен бірге Шотландия кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ ол үш рет осы клубтың бас бапкері міндетін атқарған. Бұдан бөлек, шотландиялық маман 2022 жылы Ресей Премьер-лигасына жолдама алған "Оренбургте" Марцел Личканың көмекшісі болған.

Левен Бресттің "Динамо" клубында жұмыс істеген кезеңде команда 2018 жылы Беларусь кубогын жеңіп алып, 2019 жылы ел чемпионы атанған. Сондай-ақ 2019 және 2020 жылдары Беларусь Суперкубогын иеленген.