Қазақстанда төрт коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды. Тексеріс барысында компаниялардың борышкерлермен және үшінші тұлғалармен жұмыс істеу кезінде бірнеше рет жосықсыз әрекеттерге барғаны анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, тізілімнен шығарылған компаниялар:
«Seven» коллекторлық агенттігі» ЖШС;
«iCollect» коллекторлық агенттігі» ЖШС;
«Каз Инвест Коллекшн» коллекторлық агенттігі» ЖШС;
«Табыс» коллекторлық агенттігі» ЖШС.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы 12 ай ішінде заңбұзушылықтар үш және одан да көп рет тіркелген. Компанияларды тізілімнен шығару туралы шешім 2026 жылғы 16 қарашадағы бұйрықтармен қабылданған.
«Тізілімнен шығару аталған ұйымдардың коллекторлық қызметпен айналысу құқығынан айырады», – делінген агенттік хабарламасында.