FlyArystan әуе компаниясы Орал мен Дубай қалалары арасындағы тікелей рейстерге билет сатуды бастады. Алғашқы рейс 2026 жылғы 24 желтоқсанға жоспарланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Рейстер аптасына бір рет, бейсенбі күндері орындалады. Кестеге сәйкес, ұшақ Оралдан сағат 06:20-да ұшып, Дубайға 11:55-те қонады. Кері рейс сағат 13:00-де жолға шығып, Оралға 20:25-те жетеді.
ОҚЫҢЫЗ: FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта жандандырады: күні белгілі болды
Бір бағыттағы билеттердің бағасы Оралдан ұшқанда 65 мың теңгеден, ал Дубайдан ұшқанда 66 мың теңгеден басталады.
Әуе тасымалдаушының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең төменгі тариф билетті алдын ала сатып алатын жолаушыларға арналған. Тіркелетін багаж бен салондағы орынды таңдау қызметтері бөлек төленеді.