Үндістанның Нью-Дели қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 63 мемлекеттен 1700-ден астам спортшы қатысып, күш сынасты. Нәтижесінде отандастарымыз 17 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айта кетерлігі, ересектер арасында Қазақстан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатында жалпы 10 алтын медаль жеңіп алса, соның 7-еуін Шардараның саңлақ спортшылары иеленді.