Ақтөбеде қысқы дөңгелек сатып алмақ болған 5 адам алаяққа алданып қалған

Бүгін, 14:33 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қараша айынан бері Ақтөбе облысында қысқы дөңгелектерді интернет арқылы сатып алмақ болған бес адам алаяқтардың құрбанына айналған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алаяқтар әлеуметтік желілерде шиналарды нарықтағы бағадан арзан ұсынып, үлкен жеңілдіктер мен жылдам жеткізуді уәде етеді. Тауарға қызығушылық танытқан сатып алушылардан тапсырысты брондау немесе жеткізу үшін алдын ала төлем жасауды сұрайды. Ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай, хабарландыруларын өшіріп тастайды.

Нәтижесінде азаматтар тапсырыс берген тауарын ала алмай, ақшасынан айырылған.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының полициясы тұрғындарды интернет арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға шақырады. Төлем жасамас бұрын сатушының сенімділігі мен хабарландырудың шынайылығын тексеру қажет. Тауардың бар екеніне көз жеткізбей, бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аудармаған жөн.

Полиция арзан баға мен күмәнді жеңілдіктерге алданып қалмауға және интернет-сауда кезінде қырағылық танытуға кеңес береді.