Қостанай облысында жерасты суларын рұқсатсыз пайдаланған тұлғалар жауапқа тартылды

Бүгін, 14:02 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысының Қамысты ауданының прокуратурасы Алтынсарин және Қарабатыр ауылдарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын алу барысында табиғат қорғау заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шаруашылық субъектілерінің Гагарин және Ақсу аумақтарында арнайы су пайдалануға тиісті рұқсаттарсыз жерасты суларын алғаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 141-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта шаруашылық субъектілері қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу бойынша шаралар қабылдауда.

Су ресурстарын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

 

Тэгтер:

Қостанай облысы жауапқа тарту жерасты сулары