ҚР БҒМ: 11-сыныптың оқу жылы ұзартылмайды

ҚР БҒМ: 11-сыныптың оқу жылы ұзартылмайды

ҚР БҒМ: 11-сыныптың оқу жылы ұзартылмайды
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрлігі 11-сыныптың оқу жылын ұзарту туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Оқу жылы 1-10 маусым аралығында бітіру емтиханымен бірге аяқталады. Ешқандай өзгеріс жоқ. Оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзармайды, тек бітіруші түлектер мектептен 1 шілде күні шығарылатын болады. Себебі, мектептер олардың ҰБТ тапсыруы мен тіркелуіне жауапты. Біз ҚР БҒМ-ның сайтында жарияланған ресми ақпараттарға сенуді сұраймыз», - деп хабарлады ведомстводан. Бұған дейін ҚР-дың барлық өңірлерінде 11-сыныптың оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзартылды деген ақпарат пайда болған еді. «Астана» телеарнасының дерегі бойынша, бұндай жағдай бітіру және оқуға тапсыру емтихандарындағы өзгерістерге байланысты. Жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылатын Бірыңғай ұлттық тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.