Диана Ержанова триатлоннан әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

Бүгін, 08:07 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Диана Ержанова 6 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтетін триатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысады.

Жарыс Әл-Мамзар саябағында ұйымдастырылады. World Triathlon ұйымының мәліметінше, аталған бәсекеде 65 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, жарыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Диана Ержанова бұл додаға дейін қараша айында Иорданияның Акаба қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.