«Дариға мен Баянға бақыт тілеп, мені оңбаған дедіңіздер»: Тұрсынбек Қабатов елге өкпесін жеткізді

Бүгін, 07:05 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов концерттерінің бірінде сахнадан жеке өміріне қатысты әңгіме қозғады. Өнер иесі ажырасуына байланысты өзіне бағытталған жағымсыз пікірлерді әзілмен жеткізіп, көрермендерге алғысын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қоғамдағы кейбір адамдардың өзіне деген көзқарасын сөз етіп, танымал тұлғалардың жеке өміріне қатысты жаңалықтардың әртүрлі қабылданатынын меңзеді.

«Дариға Бадықова мен Баян Алагөзова күйеуге шыққанда күшті тілек жаздыңыздар. Ал маған ше? Мен де қазір әйеліме той көйлегін кигізіп қойып, той жасайыншы. Бітті ғой: «Оңбаған, осының концертіне кім барып жатыр? Бойкот, ешкім бармасын, Қазақстаннан шығарып жіберу керек», – деп айтады. Жандарым, тығылып келіп отырған сіздерге рақмет», – деді әзілкеш.