Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №46 мекеме қызметкерлері 6679 әскери бөлімінің қызметшілерімен бірлесіп, мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, мекеме аумағына келген азаматты тексеру барысында ұялы телефон мен телефон қапшығының ішіне жасырылған ақшалай қаражат анықталып, тәркіленді. Аталған факті бойынша азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.
Еске саламыз, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік, ал заңда көзделген жағдайларда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.