Семейде автокөлік жүргізушісі жас баланы қағып кеткен

Бүгін, 17:00 / Алуа Арман
Абай облысының Полиция департаменті

Семейде баланы қағып кеткен учаскеде жылдамдық 40 км/сағ-қа дейін шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұхамедханов көшесі, №77 үй ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Бұл учаскеде жеңіл автокөлік 9 қарашада кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Полиция қызметкерлері көлік бөліміне бағдаршам орнату туралы ұйғарым жолдады.

Сонымен қатар, «Сергек» АПК өкілдерімен жылдамдықты 40 км/сағ шектеуді ескере отырып бақылауды баптау мәселесі пысықталды. Тиісті жол белгілері орнатылады.

Бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілген. Жүргізуші жаяу жүргіншіге жол беру талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында жылдамдықты бәсеңдетуге және тұрғын үйлердің маңында аса мұқият болуға шақырады.

 

Тэгтер:

Бала Семей Автокөлік жүргінші