Мас күйінде көлік тізгіндеген Қостанай тұрғыны бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 16:47 / Алуа Арман
istockphoto.com

Мендіқара аудандық соты көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін айыпталған азамат К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 23:15 шамасында К. көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, алкогольдік масаң күйде Боровское ауылында «ВАЗ-21093» маркалы автокөлікті басқарған.

Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жататынын, сондай-ақ сотталушының жеке басын ескерді. Сотталушы көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, алкогольдік масаң күйде қайтадан автокөлік тізгініне отырып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

 Осы мән-жайларды ескере отырып, сот К.-ға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады.

Тэгтер:

Қостанай облысы Мас көлік Сот жүргізуші Меңдіқара