Атырауда отшашу қолданған азаматқа айыппұл салынды

Бүгін, 16:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 2-бөлігі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот азамат А.-ның Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданында орналасқан мейрамханалардың бірінің маңында пиротехникалық бұйымдарды белгіленген тәртіпті бұза отырып қолданғанын, соның салдарынан жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғанын анықтады.

Азамат А.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және істің басқа да материалдарымен расталды.

Сот қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Айыппұл Атырау Отшашу