Шымкентте патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында жалған нөмірмен жүрген автокөлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицейлер қала көшелерінде жарық шамдарын қоспай қозғалған Hyundai Grandeur көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлікке тағылған мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені белгілі болды. Ер адамға қатысты тиісті әкімшілік материалдар жинақталып, сотқа жолданды.
Сот шешімімен құқық бұзушы екі тәулікке қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция жүргізушілерге жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалануға жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай әрекетке жол берген жүргізушілер заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылады.