Ақтөбеде оқ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 14:56 / Інжу Әлихан
Диапазон

Ақтөбеде оқ жарақаты бар 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Қазір күдіктіні ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Жалған ақпарат таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», – деп хабарлады полиция.