ҚазҰУ-дағы 1-курс студентінің өліміне күдікті ұсталды

Бүгін, 14:54 / Алуа Арман
istockphoto.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде География және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқу орны марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ ҚазҰУ әкімшілігі Алматы полициясына оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға көмектесіп жатқанын атап өтті.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеп жатқанын хабарлады.

«Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Тэгтер:

күдікті студент қылмыстық іс ҚазҰУ