Дмитрий Панарин бадминтоннан халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Бүгін, 14:28 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин бадминтоннан Лусакада (Замбия Республикасы) өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз аталған жарыста финалға дейін жетті. Ақтық сында Дмитрий Панарин үндістандық Манав Чоудхаримен кездесіп, қарсыласына 2:1 (21:19, 14:21, 20:22) есебімен жол берді.

Ал БАӘ өкілдері Бхарат Латиш мен Дев Вишну жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

 

Тэгтер:

Турнир күміс жүлде