Ақмола облысында трактор аударылып, ер адам қаза тапты

Бүгін, 12:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы оқиға 14 қарашада Зеренді ауданында, Елікті ауылының маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, К-700 маркалы трактор аударылып кеткен.

«Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Ал Ақмола облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы ешқандай хабарлама түспеген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Жұмыс беруші жазатайым оқиға болғаны туралы хабарламаған жағдайда, оған әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар жазатайым оқиға туралы тиісті хабарлама беру жөнінде нұсқама орындалуы тиіс», – деп толықтырды еңбек инспекциясы.

Тэгтер:

Ақмола облысы жұмысшы жүргізуші трактор