Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (1993 жыл), ҚР ҰҚК институтын (1996 жыл), Халықаралық құқық және нарық академиясын (2000 жыл) бітірген.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.
Мансабы:
1996–2000 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтерде жұмыс істеген;
2000–2025 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтер атқарған;
2016 жылға дейін – ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары болған;
2016 жылғы шілдеден 2020 жылға дейін – ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы қызметін атқарған;
2020 жылғы ақпаннан бастап – Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы болып тағайындалған;
2022 жылғы қаңтардан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментін басқарған;
2025 жылғы қазаннан бастап – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарады.