Елорда прокуратурасы ірі бизнеске 4,7 млрд теңгеден астам сомаға қосымша салық салудың заңдылығын қамтамасыз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Уәкілетті орган ірі кәсіпкерлік субъектісінің атына нұсқама шығарды.
Тексеру нәтижелері бойынша бизнес субъектісіне 4,7 млрд теңгеден астам сомаға қосымша салық есептелді.
Салық төлеуші жоспардан тыс тексеру тағайындауды заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінді.
Сот шешімімен талап қанағаттандырылды.
Прокуратура іс материалдарын зерделей келе, уәкілетті орган шешімнің негізінде Салық кодексінің 145-бабына сәйкес тексеру жүргізуге құқылы деген қорытындыға келді және актіге апелляциялық өтінішхат енгізді.
Апелляциялық алқаның қаулысымен акт күші жойылып, мемлекеттің мүддесі 4,7 млрд теңгеге қорғалды.