Қар, жаңбыр: Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

Бүгін, 05:52 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" 16 қарашаға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Түнде солтүстік-батыста кей уақытта қатты жауын-шашын түседі, негізінен жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Ал батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде көктайғақ болады.

Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3–8 м/с.

Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C болады.
Алматыда күн бұлтты, түнде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз +2…+4°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +12…+14°C болады.