Астанада Есіл өзеніне секірген қыз құтқарылды

Бүгін, 05:00 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Астананың Сарыарқа ауданында, Ш. Бейсекова көшесіндегі көпір маңында 2006 жылы туған қыз Есіл өзеніне секірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жүзу құралының көмегімен қызға жетіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді.

Құтқарылған қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ азаматтарды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.