Ақмола облысының Зеренді ауданында К-700 тракторы аударылып, жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік ПД.
Instagram-дағы Nayza_kokshe парақшасында Ақмола облысында трактор аударылып, К-700 жүргізушісі қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды.
NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады. Ведомство ақпаратты растады.
"14 қарашада Зеренді ауданында, Елікті ауылының маңында К-700 маркалы трактор аударылды. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.