Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Загребтегі (Хорватия) Гран-при турнирінде қола жүлде үшін белдесті.
Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Ерасыл қола жүлде үшін өткен белдесуде Саба Инанеишвилимен (Грузия) кездесіп, қарсыласына жол берді.
Осылайша Ерасыл Қажыбаев Гран-при турнирін бесінші орында аяқтады.