Нұрлан Жақыповтың ұсталуы: Air Astana мәлімдеме жасады

14 қараша, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Air Astana "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы және әуе компаниясы Директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы қызметін атқаратын Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Air Astana баспасөз қызметі ресми сайтында күні кеше ұсталған Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты компания ұстанымын жариялады.

"Air Astana акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы ұсталғаны туралы ақпаратты назарға алғанын хабарлайды.

Ол сондай-ақ Топтың Директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы қызметін атқарады.

Топ жағдайдың дамуын бақылауды жалғастыруда", - делінген хабарламада.