Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 09:53 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро, рубль және юаньның бағамы белгілі болды.

Kurs.kz мәліметінше, 15 қарашада елордадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары 442 теңгеден сатып алынып, 449 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағамы – 490 теңге, сату бағамы – 500 теңге. Ал Ресей рублінің құны 5,15-5,35 теңге аралығында. Қытай юані 67,63 теңгеден сатып алынып, 71,40 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 445,39 теңгеден сатып алынып, 447,35 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағамы 492,38 теңге болса, сату бағамы – 497,56 теңге. Рубль 5,18-5,28 теңге аралығында саудалануда. Юаньның бағасы 67-69,55 теңге шамасында.