Ақмола облысында үш республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

14 қараша, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"ҚазАвтоЖол" Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.

2026 жылғы 14 қараша сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

"Көкшетау — Атбасар" автожолының 0 — 184 шақырым аралығы (Көкшетау қ. — Атбасар қ.);

"Щучинск — Зеренді" автожолының 0 — 77 шақырым аралығы (Щучинск қ. — Зеренді а.);

"Астана — Көкшетау (айналма жолымен) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол ө/п)" автожолының 232 — 302 шақырым аралығы (Щучинск қ. — Көкшетау қ.).

Жолды 2026 жылы 15 қараша сағат 10:00-де ашу жоспарланған.