TikTok-та балағат сөздер айтқан жігіт жауапқа тартылды

Бүгін, 21:41 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астанада TikTok-та балағат сөздер айтқан жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады.

Белгілі болғандай, 18 жастағы жігіт онлайн-трансляция барысында көпшілік алдында балағат сөздер айтып, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.

Аталған факті бойынша жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды.