Семей тұрғыны дәрігерді балағаттағаны үшін қамауға алынды

Бүгін, 11:50 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Семей тұрғыны медицина қызметкерін балағаттағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот материалына сәйкес, биыл 24 қазанда ер адам қалалық аурухананың неврология бөлімінде медицина қызметкерінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Дәрігердің ескертуіне де, заңды талаптарына да құлақ аспаған.

Судья әкімшілік жаза тағайындау кезінде құқық бұзушылықтың сипатын, істің мән-жайын және сотталушының жеке басына қатысты деректерді, соның ішінде бұрын әкімшілік жауапқа тартылғанын ескерді. Сот оны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын кесті.