Бүгін доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?

Бүгін, 10:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль және юань бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz kurs.kz-ке сілтеме жасап.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталары мынадай бағамен саудаланып жатыр:

- АҚШ доллары 441,99 теңгеден сатып алынып, 448,99 теңгеден сатылуда;
- еуроның сатып алу бағасы – 490 теңге, сату бағасы – 500 теңге;
- рубль 5,15 теңгеден сатып алынып, 5,35 теңгеден сатылуда;
- юань 67,62 теңгеден сатып алынып, 71,41 теңгеден ұсынылған.

Ал Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде валюта бағамы сәл өзгеше.

- доллар 445,32 теңгеден сатып алынып, 447,55 теңгеден сатылуда;
- еуроның сатып алу бағасы – 492,93 теңге, сату бағасы – 497,80 теңге;
- рубль 5,17–5,29 теңге аралығында;
- юань 67,01–69,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.