Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.
Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.