Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Ол финалдық кездесуде Түркия спортшысына жол берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасында қылышпен (сабля) семсерлесу сайысында Қазақстан намысын қорғады.
Отандасымыз жарыстың шешуші кезеңіне дейін жетіп, алтын медаль үшін түркиялық Жандениз Берракпен кездесті.
Финалдық бәсекеде Түркия өкілі басымдық танытып, 15:6 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Жандениз Беррак жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанса, Айбар Қайым күміс жүлдені қанағат тұтты.