Астанада автобус жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті (ВИДЕО)

Бүгін, 17:36 / Інжу Әлихан
Скриншот

13 қарашада Астанада Yutong маркалы қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Молдағалиев көшесінде болған. Полиция мәліметінше, жасөспірім бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен тыйым салатын қызыл белгі жанып тұрған кезде жолдан өтпек болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.