Жолдаудағы басымдықтар – ел дамуының ортақ бағдары

Бүгін, 14:15 / Túrkistan Gazeti

Құрылтай депутаты, "Әділет" партиясы фракциясының мүшесі Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен бірқатар кездесу өткізді.

Сапар барысында республикалық жұ­мыс тобының мүшелері әлеуметтік және қоғамдық нысандарды аралап, азаматтық қоғам өкілдерімен, ғылыми қауымдас­тық­пен, студенттермен, қала тұрғындарымен жә­не медицина қызметкерлерімен жүз­дес­ті. Кездесулерде Мемлекет басшысының «Жа­ңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзек­ті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жол­дауында айқындалған басым бағыттар тал­қыланды.

«Достық үйінде» өткен басқосуда ст­ратегиялық міндеттерді жүзеге асыру, қо­ғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті ны­ғайту, жастардың азаматтық белсен­ді­лігін арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріп­теу жайы сөз болды.

Құрылтай депутаты Дихан Қамза­бек­ұлы Жолдаудың негізгі тұжырымдарына кеңі­нен тоқталып, ел дамуы үшін идео­ло­гия­лық бағдарлардың маңызын атап өтті.

– Мемлекет басшысының Жолдауында ай­қындалған идеологиялық бағыттардың маңызы зор. Елдің дамуы тек экономикалық өсіммен немесе инфрақұрылымды жаң­ғыр­тумен ғана өлшенбейді. Ең алдымен, ол азаматтардың санасы мен қоғамдық құн­ды­лықтарға байланысты. Бүгінде бізге бі­лімді, еңбекқор, отаншыл әрі инновациялық тұр­ғыда ойлайтын жас ұрпақ қажет. Осы тұс­та адалдық, әділдік, заңға құрмет және қо­ғамдық келісім қағидаттарын нығайту – стратегиялық міндеттердің бірі. Әсіресе, жастардың елге қызмет етуге, ұлт­тық құндылықтарды сақтауға және за­манауи технологияларды меңгеруге деген ұм­тылысын қалыптастыру айрықша маңыз­ды, – деді Дихан Қамзабекұлы.

Депутаттың пікірінше, Жолдауда кө­терілген бастамалар әрбір қазақстандықтың күнделікті ісінен көрініс табуы керек. Шы­найы отаншылдық сөзбен емес, адал ең­бек­пен, сапалы біліммен, қоғамдық өмірге бел­сенді араласумен және ел болашағына жауап­кершілікпен қараумен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттің табысты да­муы ортақ құндылықтарды ұстанған са­на­лы қоғам мен азаматтық жауапкер­ші­лікке тікелей байланысты.

Бұдан кейін жұмыс тобы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­верситетіне барып, ғылыми қауымдас­тық және профессор-оқытушылар құрамы­мен жүздесті. Басқосуда білім мен ғылымды дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру, қоғам­дық келісімді нығайту, аграрлық секторды жаң­ғырту және су ресурстарын тиімді пай­далану бағыттары талқыланды.

Делегацияның келесі кездесуі «Ұлы Дала елі» орталығында Халықаралық ту­ризм және меймандостық университетінің студенттерімен өтті. Ашық диалог бары­сын­да спикерлер Жолдаудың негізгі басым­дық­тарын түсіндіріп, жастардың ел да­муын­дағы рөліне, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық бірліктің мәніне тоқталды. Со­нымен қатар ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді басқару мәселелері қоз­ғалды. Кездесу соңында студенттер өз­дерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсы­ныс-пікірлерін ортаға салды.