Shymbulak аспалы жол әлем бойынша үздік ондыққа енді

Бүгін, 12:15 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматының бірден үш туристік нысаны 2026 жылғы халықаралық The Worldworthy 100 рейтингіне енді. Кімасар шатқалы әлемдегі ең үздік жаяу серуендеу бағыттарының арасында 56-орынға, ал Бұтақты шатқалы 79-орынға ие болды. Shymbulak аспалы жолы әлемдегі ең үздік аспалы жолдар рейтингінде 9-орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үш нысан да саяхатшылардың пікірі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен туристік жолсілтемелердің ұсынымы ескерілетін рейтингтің лауреаты сертификаттарын иеленді.

Алматының таулы бағыттарына қызығушылық артып келеді. 2026 жылы қаңтар-қазан айларында Іле Алатауы ұлттық саябағына 1,6 миллионнан астам адам барған. Mastercard деректеріне сәйкес, 2025 жылы шетелдік туристердің Алматыдағы туристік нысандарға баруының 30,62%-ы Shymbulak-қа тиесілі болды.

Аспалы жолдар салу мен инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейтін Алматы тау кластері жобасы да тау туризмінің дамуына ықпал етпек.

Тэгтер:

Үздік рейтинг шымбұлақ Shymbulak аспалы жол