Астана – Көкшетау тасжолында жүк көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші ұсталды

Бүгін, 11:42 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Көкшетау – Астана тасжолында елордалық полицейлер Scania жүк көлігін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі кейбір әріптер мен сандарды изолентамен өзгертіп, нөмірді оқуды қиындатуға тырысқаны анықталды.

54 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Полиция көлік нөмірін қасақана жасыру немесе өзгерту заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.