Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Сарыарқа көшесінде капоты ашық ВАЗ-21010 автокөлігін айдап келе жатқан жүргізушінің бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Сондай-ақ жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттің жол қозғалысына қатысушылар үшін аса қауіпті екені түсіндірілді.
Полиция жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.