Түркістан облысында 3300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Бүгін, 10:32 / Інжу Әлихан
Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысындағы аудандар мен қалаларда 29 шағын өндірістік паркте 275 ғимараттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жалпы аумағы 264,2 гектардан асатын өндірістік аймақтарда 269 жобаны іске қосып, 6 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгінде 178 ғимараттың құрылысы аяқталып, 97-сінде жұмыстар жалғасуда. 163 млрд теңгеге 146 жоба іске қосылып, 3 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.

Өндірістік парктерде құрылыс материалдарын, жиһаз, арнайы киім, қағаз, сабын, көлік жабдықтарын өндіру, түйе сүтін өңдеу және басқа да бағыттар бойынша кәсіпорындар іске қосылған.

Қазір өндірістік парктерді дамытудың екінші кезеңі басталды.