Air Astana Алматы мен Астанадан Шарм-эль-Шейхке тұрақты рейстерді іске қосады

Бүгін, 10:16 / Інжу Әлихан
Air Astana

Air Astana компаниялар тобы 2026 жылдың алғашқы тоғыз айындағы жұмысын қорытындылады. Осы уақыт ішінде компания шетелге ұшатын рейстерін көбейтіп, табысын арттырған. Сондай-ақ ұшақ қозғалтқыштарының қолжетімділігі жақсарып, көбірек жолаушы тасымалдауға мүмкіндік туған. Дегенмен компанияның шығындары әлі де өсіп жатыр. Рейстер мен жолаушылар санының артуы осы шығындардың бір бөлігін өтеуге көмектеседі, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылдың үшінші тоқсанында Air Astana компаниялар тобының жалпы кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,6%-ға өсті, бұл кіріс өсімінің одан әрі жеделдегенін көрсетеді. Шығындардың өсуі авиация саласындағы басқа компанияларға сияқты Топтың қызметіне де әсер етуде. Соған қарамастан, RASK және CASK көрсеткіштерінің өсу қарқыны арасындағы айырмашылық үшінші тоқсан қатарынан жақсаруда.

Өткен тоқсанда қозғалтқыш қолжетімділігінің артуы қолданыстағы әуе паркін тиімдірек пайдалануға және бизнестің өсуіне мүмкіндік беретінін айтқан болатынбыз. Үшінші тоқсанда бұл өзгерістер нақты нәтижесін көрсетті. Өткізу сыйымдылығы артты, жаңа бағыттар ашылды және халықаралық маршруттық желі кеңейді. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады деп үміттенеміз және болашаққа сеніммен қараймыз», - деді Air Astana бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.