«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
13 қарашада Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген болатын.